DSC0136Студенттерді өмірге дайындау, заманауи әлемде бейімделе алатын азамат, үй иесі, еңбеккер болуға тәрбиелеу, осы әлемде өз орнын табуға, өздігінен шешім қабылдай алуға, өз пікірін білдіруге, шығармашылық ойлауды үйрету –  Әрбір сынып жетекшінің алдында тұрған негізгі міндеттер.

2014-2015 оқу жылының басына «Емдеу ісі» Ф 12-02 тобында тізім бойынша 28 адам: 13 ер бала және 15 қыз бала. І семестр қорытындысы бойынша жақсы оқып бітіргендердің саны – 12. Білімнің сапасы 43% құрайды, топтың үлгерімі - 100%, орта балл – 4,5. Топ ішінде семестр бойы сабақты бір босатпаған студенттер бар – Г. Әбілова, Д. Әшімова, А. Бараникова, А. Елубаев, Е. Шевченко).

Топ өте белсенді, оқушылар топ және колледж шараларына әрдайым қатысып отырады.

І жартыжылдықта тәрбие жұмысы сан қырлы және жан-жақты болды. Тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жүргізілді: азаматтық, патриоттық тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбие; интеллектуалды және эстетикалық, мәдени даму; спорттық- сауықтыру даму және тәрбие; құқықтық тәрбие; еңбек тәрбиесі, экологиялық тәрбие.

Осы бағыттарға сәйкес бірінші жартыжылдық ішінде топпен келесі жұмыстар жүргізілді: «Қазақстан жолы 2050», «Зиянды әдеттердің алдын алу», «Жастар сленгі: «иә» и «қарсы», «Адамдар. Фактілер. Оқиғалар», «Медицинаық костюмнің тарихы» сынып сағаттары,
әңгімелер: «Колледж жарғысы және тәртіп ережелері», «Қарым-қатынас этикеті», «Су сапасы және оның денсаулыққа әсері», «Таңдалған мамандықтың маңызы», сауалнама және тренингтер: «Топта қарым-қатынасты дамыту, ұйымшылдықтың деңгейін арттыру», «Жеке ерекшеліктер», "Өзіңді таны", "Сіз көшбасшысыз ба?", еңбекті десанттар.

Бірінші жартыжылдықта топ колледждің келесі жалпы шараларына белсенді қатысты: «Денсаулық фестивалі», «Тілдер декадасы» (Ж. Омар диплом алды), Жайдарман ( «Убойные врачи» командасы 2 орын А. Мағжанов, А. Елубаев), колледж майталмандары мен зейнеткерлерін құттықтауда ( А. Дорошенко), түрлі спорт жарыстарында (Д. Бекмуратов, В. Самоволов), қала шыршасының ашылуы, студент болу, «Армысың, Жаңа жыл!» концертін дайындап қатысты (Г. Әбілова, А. Бараникова, С. Қуанбекова, А. Елубаев, Д. Бекмуратов, Д. Темірбекова), концерттерге барды.

Топ және колледж өміріне қатысу балалардың шығармашылық қабілеттіктерін көруге мүмкіндік берді; олардың бейімділігін, өзара қарым-қатынастың жүйесін байқау.

Ұжымның ұйымшылдығына шығармашылық ұжымдық істердің әсері тиді.

Мен, сынып жетекшісі ретінде, пәндер бойынша бағаларды үнемі қадағалап, оқытушылармен жиірек байланысып отыруға тырыстым. Жағдайға қарай сабақтарға қатыстым, студенттер мен олардың ата-аналарымен жеке әңгімелер жүргіздім.

Менің топ студенттерімнің үлгерім қорытындылары бөлім меңгерушісі Г.С.Исамалинованың назарына жеткізу мақсатымен ай сайын пән бойынша барлық оқу нәтижелері оқушылардың «үлгерім есебінде» әсер етті.

Үлгерімі нашар, сабаққа кешігу, босату сияқты үнемі бақылауды қажет етететін студенттермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылды. Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды қатыстырып отырамын, ата-аналар жиналысы арқылы жеке кездесулерді ұйымдастырамын. Оларға балалардың оқу жетістіктері туралы хабарлаймын. Ата-аналар жиналысы өткізіліп оған ата-аналардың 75% қатысты.

Жұмыстың нәтижесі семестрді жақсы аяқтау болды. Бізде КАНИКУЛ басталды!

Ф 12-02 тобының тәлімгері Трапезникова Людмила Георгиевна. 

DSC 0017DSC 0023DSC 0028DSC 0029DSC 0030DSC 0031DSC 0033DSC 0037image 1image 2image 3image 8image 10image 11image 14image 24image 28image 30image 32image 34 DSC0003 DSC0005 DSC0012 DSC0014 DSC0019 DSC0021 DSC0025 DSC0026 DSC0028 DSC0033 DSC0076 DSC0106 DSC0136 DSC0139 DSC0143 DSC0156

Куратор группы Ф 12-02 Трапезникова Людмила Георгиевна.

 

akimkzzdravkzБаннер КВГА каз06062017173057minzdravkz