kvn 9 5

ҚР Алғашқы Президент күніне орай 2014 жылғы 4 желтоқсанда біздің колледжде бөлімдер арасында жайдарман өткізілді.

Жайдарманға 5 бөлім қатысты. Әр бөлім өз талантын, тапқырлығын, зеректігін көрсетті. Кешкі бөлімнің атынан Стогниев Иван Михайлович оқытушы жетекшілігімен «Убойные врачи» командасы келесі құрамда өнер көрсетті:

 

Ф 11-01 тобынан
1 Ғабдуллин Мұрат
2. Горошко Дарья
3. Еламанов Ислам
Ф 12-01 тобынан
4.Қаспанов Азамат
5. Гафаров Дмитрии
6. Шерстюк Дмитрии
Ф 12-02 тобынан
7. Мағжанов Әлихан
8.Самоволов Вадим

Кешті ұйымдастыру мен қолдау көрсеткені үшін «Емдеу ісі» бөлімі топтарының тәлімгерлері Л.Г.Трапезникова, А.И.Шершнев, Р.Н. Халитова, И.М.Стогниеваға алғысымызды білдіреміз.

Біздің команда қатысушыларының ойын көрсетуі колледж директоры М.Б. Ахметованың мына сөздерімен марапатталды: «сәлемдесу «Убойные врачи» командасындағыдай болуы керек – ол толығымен тақырыпқа сай және сахнаға шығу этикасы сақталды».

Қолдау көрсеткені үшін «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс студенті Анна Русакова және Альмира Ыбыраеваға алғысымызды білдіріп, М 12-01 қ тобының студенті Әділбек Жүнісовтың қолдауын ерекше атап өтеміз.

«Убойные врачи» командасын ҚР Алғашқы Президент күніне орай өткен жайдарман ойынында 3 орын кубогымен және Грамотамен марапаттаумен құттықтаймыз.

Команда қатысушыларына жақсы оқу тілеп, 4 курсқа оқу мекемесін жақсы тәмамдап, үлкен табыстарға жетуге және өмірде тек жақсылық тілейміз!

Үлкен алғыспен және құрметпен, бөлім меңгерушісі Ғалия Сәтімбайқызы Исамалинова.  

                                             kvn 9 3 kvn 9 4
                                           kvn 9 2kvn 9 1

 

 

 

 

akimkzzdravkzБаннер КВГА каз06062017173057minzdravkz