Қазіргі жағдайда колледж қызметін жетілдірудің маңызды құралы жергілікті органдары және денсаулықсақтау мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті нығайту мен дамыту болып табылады.

Осы мақсатта ұйымдармен келесі бағытта бірлескен жұмыс  жүргізіледі: білікті мамандар даярлауды болжау, оқу орны мен ӘБ өзара қатынасын арттыру.

Денсаулықсақтау басқармасымен бірлесе үнемі конференциялар, семинарлар, мастер-кластар өткізіліп тұрады. Мұндай кездесулер оқытушылардың тәжірибемен алмасуына және нормативті-құқықты құжаттардағы өзгертулер жөніндегі ақпарды уақытымен білуге мүмкіндік береді. 

Практикалық денсаулықсақтау саласының басшылары мен дәрігерлері түлектерді қорытындылау аттестациясына қатысады, денсаулықсақтау жүйесін реформалау сауалдары, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ролін күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу мәселелері бойынша колледж оқытушылары, орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары және студенттер алдында баяндама жасайды.

Мамандарды даярлау сапасын бақылауды және оқу-тәрбиелеу үрдісіне көмектесуді Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулықсақтау басқармасының басшысы К.Е.Сақтағанов, денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары М.К.Бапанова, денсаулықсақтау басқармасының ПМСП бойынша басшысының орынбасары Р.К.Иванова, ПМСП және ана, бала бөлімінің басшысы Н.П.Пакетова, бас дәрігерлер, қала мен облыстың бас мамандары.

Солтүстік Қазақстан медицина колледжі мен әлеуметтік серіктестер жыл сайын әр түлектің кәсіби қызметіне дайындығын анықтау мақсатында түлектерді даярлау сапасына мониторинг жүргізеді. Жыл сайын колледжде қала мен облыстық медицина ұйымдары басшыларының қатысуымен вакансия жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Жұмыс барысынды түлектерді жұмысқа алу бойынша 2 жақты келісімге тұрады, айлық төлемақы, көтерме беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылады. Түлектердің еңбек  пен тұрмыс жағдайын бақылау мақсатында колледж әкімшілігі облыс аудандарына шығып тұрады. Бас дәрігерлермен кездесулер өтіп, онда жас мамандардың құқығын қорғауын қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдік мәселелері шешіледі.

Орта буын медицина мамандарын даярлау сапасын әрі қарай жетілдіру , оқытуда қолайлы жағдай жасау, ынтымақтастықты нығайту,  Денсаулық сақтау басқармасының медицина колледжі және медициналық ұйымдарының басшылары мен ұжымының өзара қызығушылығы мен жауаптылығын арттыру мақсатында 11.09.2015 жылғы №490 Бұйрығына сәйкес колледждің базалық медициналық ұйымдары тағайындалды. Кәсіптік және оқу- өндірістік тәжірибе жүргізу үшін 22 медициналық және 2 дәріханалық ұйымдармен келісімшарттар жасалды.

  1. ШЖҚ МКК «Облыстық аурухана»
  2. ШЖҚ МКК Облыстық балалар ауруханасы.
  3. ШЖҚ КМК «Облыстық перинаталдық орталық».
  4. «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМҚК.
  5. ШЖҚ МКК «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы».
  6. ШЖҚ КМК «Бірінші қалалық аурухана»
  7. ШЖҚ КМК «Кардиологиялық орталық»
  8. ШЖҚ КМК «№ 3 қалалық аурухана»
  9. ШЖҚ КМК «Облыстық балалар стоматологиясы»
  10. ШЖҚ КМК «№ 1 қалалық емхана»
  11. ШЖҚ КМК «№ 2 қалалық емхана»
  12. ШЖҚ КМК «№ 3 қалалық емхана»
  13. ШЖҚ КМК «Облыстық онкологиялық диспансер»
  14. ШЖҚ КМК «Облыстық тері-венерологиялық диспансері»
  15. ШЖҚ КМК «Облыстық психоневрологиялық диспансер»
  16. ШЖҚ КМК «Аққайың ОАА»
  17. ШЖҚ КМК «Қызылжар ОАА»
  18. ШЖҚ КМК «Есіл ОАА»
  19. ШЖҚ КМК «М.Жұмабаев ауд-ң ОАА»
  20. ШЖҚ КМК «Жамбыл ОАА»
  21. ШЖҚ КМК «Тайыншы ОАА»
  22. ШЖҚ КМК «Шал Ақын ОАА»
  23. «Витава» ЖШС
  24. «Интертич» ЖШС

akimkzzdravkzБаннер КВГА каз06062017173057minzdravkz