Солтүстік Қазақстан медицина колледжі келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

  1. «Фельдшер» біліктілігімен 0301000 «Емдеу ісі»;
  2. «Акушер» біліктілігімен 0301000 «Емдеу ісі»;
  3. «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігімен 0302000 «Медбикелік іс»;
  4. «Медициналық зертханашы» біліктілігімен 0305000 «Лабораториялық диагностика»;
  5. «Дантист» біліктілігімен 0304000 «Стоматология»;
  6. «Тіс технигі» біліктілігімен 0307000 «Ортопедиялық стоматология»;
  7. «Фармацевт» біліктілігімен 0306000 «Фармация».

 

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРДІҢ ЖАСЫНА ШЕК ҚОЙЫЛМАЙДЫ.

Кәмелетке толмаған талапкерлер құжаттарды тек заңды өкілдің (ата-анасының, қамқоршыларының, білім беру мекемелеріне құжаттарды беру кезінде мүдделерін білдіруге сенімхаты бар адамдардың) қатысуымен ғана бере алады. Колледжге оқушыларды қабылдау кешенді тестілеуден өту кезінде алынған баллдар негізінде жүзеге асырылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, шет тілінен оқушылар халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін оқиды. Тестілеу қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, биология немесе химия (11 сынып), қазақ (орыс) тілі, биология (9 сынып) бойынша өткізіледі. 

 

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 20 маусымнан 25 тамызға дейін

ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫ: 1 тамыздан 27 тамызға дейін

 

Қажетті құжаттар тізімі:

- Білімі туралы құжат (түпнұсқа мен көшірме);

- Жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе туу туралы куәлігінің (9 сынып) көшірмесі;

- Фотосурет (3х4), түрлі-түсті – 5 дана;

- “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

- ”Психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК анықтама (наркологтан және психиатрдан);

- “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы.

 

Мекенжай: 150008, Петропавл қ., Шухов к-сі, 42.

Анықтама үшін телефон: 50-79-29

Факс: 50-85-60

akimkzzdravkzБаннер КВГА каз06062017173057minzdravkz