КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”

Қазіргі қоғамда жас адам тұлғасы өз орнын анықтау және өзін-өзі басқару мемлекеттің аса маңызды және басым міндеті болып табылады. Қазақстан жастарына өз зияткерлік және инновациялық әлеуетін қолдану үшін нақты кеңістікті көрсетуде көмек көрсету қажет. Елбасы «Жастар – болашақ еліміздің негізі» деп атап өткен және 2019 жыл Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылы аясында конференция өтті.

 

Облыстық мәслихат депутаты Старостина Екатерина Сергеевна, жастар мәслихатының депутаты Арманов Рүстем және FameLab ғылыми коммуникация конкурсының ұлттық финал жүлдегері Аубакиров Асхат пленарлық бөлімде баяндамалармен сөз сөйледі. Спикерлер конференция қатысушыларына еліміздегі жастар саясатының маңыздылығы, байтақ Республикамыздың әр жас адамы пайдалана алатын мүмкіндіктердің маңыздылығы туралы айтты.

Конференцияда интерактивті жұмысты жеті алаң жүргізді:

  1. «Студенттердің кәсіби және тұлғалық өз орнын анықтау» және оның модераторы Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің психологы Ілиясова Ақжарқын Асқарқызы және Арманов Рүстем.
  2. «Жастар саясаты әлемінде» - модератор облыстық мәслихаты депутаты Старостина Екатерина Сергеевна және Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің Студенттік өзін-өзі басқару Президенті Қайырбеков Манас.
  3. «Жастардың жасампаз белсенділігі» - модератор Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің «Милосердие» волонтерлер клубының жетекшісі Жакупова Мәдина Мәдиқызы және клуб волонтеры Қуандықова Қарашаш.
  4. «Жастар денсаулығының проблемалары. Жастардың спорттық-сауықтыру қызметін ұйымдастыру» - модератор валеология оқытушысы Мұқашева Гүлім Дүйсембайқызы және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Новинкин Алексей Николаевич.
  5. «Жастар ортасындағы қауіптер. Жастар ортасында бейәлеуметтік оқиғаларды алдын алу»  - модератор Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің әлеуметтік педагогы Тұяқова Маржан Нұржанқызы
  6. «Жастар ақпарат кеңістігінде» - модератор информатика оқытушысы Курамшина Валентина Владмировна. Алаң қонақтары: Тё Дмитрий Валерьевич – дәрігер рентген-эндоваскулярлы, бірінші санатты хирург, «Денсаулык» ұялы қосышаның әзірлеушісі, Зиновьев Евгений – аниматор, мультипликация фильмдер жасаушысы.
  7. «Ұлттық тарих кезеңі және кеңістігі» - модератор Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Вольхина Татьяна Владимировна

Сондай-ақ конференция қонақтары: Байгазина Жанар Бахытжанқызы – полиция подполковнигі, Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі;

Алексеева Светлана Викторовна – Петропавл қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі

Семёнова Юлия Алексеевна - Петропавл қаласының психикалық денсаулық орталығының психологы;

Танақұлова Эльмира Шәмілқызы – «Рухани жанғыру» жобалау кеңсесінің қызметкері;

Есімгажинова Аққу Ергенқызы – Петропавл қаласы Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а.

Жастар – болашақтың Мәңгілік қозғаушы күші. Қазақстан жастары – бұл  елмен, Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар келесі резолюцияны қабылдады:

  1. Тұлға өзін-өзі дамыту бір бөлігі ретінде кәсіби қалыптасуды жетілдіру;
  2. Өзін жұмыста және саясатта ары қарай іске асыру үшін көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу;
  3. Қоғам игілігі үшін өзінің жасампаздық әлеуетін дамыту;
  4. Салауатты өмір салтын насихаттауды дамытуға және ілгерлетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
  5. СҚО ЖП есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ұйымдастыру-ақпарат орталығын құру;
  6. Оқу орындарында Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің әзірленген картасын пайдалану;
  7. Ғылыми-техникалық прогресс игілігі үшін озық ақпараттық технологияларды пайдалану.

Біз – ХХІ ғасырдың көшбасшысымыз! Біз қандаймыз? Бізге не керек, неге ұмтыламыз, қандай болып өсеміз? Қазір біз өз жолымызды таңдай аламыз, ал оған үлкендер көмектеседі. Біз жастар бірлестіктеріне бірігеміз, өзін-өзі басқару құрылымдарын құрамыз, өзіміз айналысқымыз келетіндерді ойлап табамыз. Бірақ бізді біріктіреді – біз барлық адамдарға, өз елімізге және әрине, біздің облысқа тек жақсылық тілейміз. Біздің айтатынымыз... Менің Отаным – менің  мақтанышым!!!

КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО” КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский  медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”

 

akimkzzdravkzБаннер КВГА каз06062017173057minzdravkz